Терроризмді насихаттап, қару сақтағаны үшін Ақтөбе облысының тұрғыны 9 жылға сотталды. Күдікті дін ұстанушыларды шетелге барып, лаңкестер жағында соғысуды үндеген. Ер адамнан ірі көлемде қару-жарақ қоры тәркіленді. Айта кетсек, жыл басынан бері елімізде террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін барлығы 34 адам, оның ішінде екі шетелдік сотталды.