Елімізде 3 айда 23 жасөспірім есірткі қылмысымен ұсталды. Олардың ішінде колледждің 1-курс студенттері мен 9-11 сынып оқушылары да бар. Ішкі істер министрлігі заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын ескертеді. Есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Есірткіні сақтағаны және таратқаны үшін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Ал оны интернет және әлеуметтік желілер арқылы насихаттау мен жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады.