Қаңғыбас иттер аула тұрмақ, тұрғын үйімізді кезіп жүр. Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғындары осылай деп жан-айқайын жеткізді. Айтуынша, көпқабатты тұрғын үй маңында иесі жоқ төбеттер көбейген. Кейде тіпті үйлердің кіре берісіне сұлайып жатып алатынды шығарыпты.