Кентау қаласы, Байылдыр ауылына көптен күткен көгілдір отын келді. Бұл - шаһарға қарасты ауылдардың арасында табиғи газға қосылған алғашқы ауыл. Елдімекенде 1600-ден астам тұрғын бар. Газдың қосылғанын естіген жергілікті жұрт, қуанышын жасыра алмай мәре-сәре болды.