Түркістан
EN

«Жұмабек Тәшенов мұрасы» ғылыми-теориялық конференциясы өтті

176
11.04.2025

Биыл мемлекет қайраткері Жұмабек Тәшеновтың туғанына – 110 жыл. Осыған орай, облыс орталығында ғылыми-теориялық конференция өтті. Шараны ұйымдастыруға «Халықаралық туризм және меймандостық университеті сеп болған. Халықаралық жиында Жұмабек Тәшеневтің ұлттық мүдде жолындағы қызметі мен экономикалық, әлеуметтік және саяси реформаларға қосқан үлесі айтылып, отандық тарихтың өзекті мәселелерін жайлы сөз болды.