Қазақстанда ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады. Бұл туралы су саласын дамыту бойынша серіктестердің үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды. Жиында министр Нұржан Нұржігітов Ислам даму банкінің өкілдерімен кездесіп, «климатқа төзімді су ресурстарын дамыту» жобасын жан-жақты талқылады. Жобада Астана су қоймасын толықтыру жұмыстарын қоса алғанда, 4 жаңа су қоймасын салу және өзге де су қоймалар мен арналарды реконструкциялау көзделген.