Қызылордада «Qnet» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды. Олардың Астана қаласынан 7 пәтер және «Toyota Camry» автокөлігін қаржы пирамидасы арқылы тапқаны анықталды. Сот шешімімен пирамиданы ұйымдастырушылар кінәлі деп танылып, 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олар азаматтарды көп деңгейлі маркетингтік желі мен электронды коммерцияға инвестиция салуға, оның ішінде жалған саяхат карталарын және зергерлік бұйымдарды сатып алуға үгіттегені дәлелденді.