Сауран ауданында «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында құны 5 млрд. теңгені құрайтын 8 жоба іске асырылады. Шорнақ елді мекенінде спорт кешені, Бабайқорған ауылында клуб және кітапхана биыл тамыз айында пайдалануға берілмек. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданының халқымен кездесуінде айтты. Жиында өңір басшысына жергілікті тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойды.