Түркістан облысынан өзге өңірлерге қоныс аударған әр адамға 275 мың теңге беріледі. Бір реттік көмектен бөлек, тұрғындарға түрлі жағдай жасалған. Бұл туралы бүгін Солтүстік өңірлерден келген делегация мүшелері баспасөз брифингінде мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, келушілерді баспанамен қамту жұмыстары да жылдан жылға қарқынды жүруде.