Бәйдібек ауданының билігі туризмнің өзгеше түрін дамытуға ден қоймақ. Түркістан облысы әкімінің Бәйдібек жұртымен кездесуінде аудан атқамінерлері тау шатқалын тиімді пайдаланып, туризмнің экстремалды-мистикалық түрін қолға аламыз деп отыр. Табиғаты көркем өңірде неге бұл сала әлі күнге дейін кенже қалып келеді? Бұл туралы Бақдәулет Анарбай тарқатады.