Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Kazatomprom»- Ұлттық атом компаниясын Түркістанның дамуына үлес қосуға шақырды. Бұл туралы өңір басшысы мәслихаттың кезектен тыс 16-шы сессиясында айтты. Әлемдік өндірістің 40 %-ы осы компанияға тиесілі. Сондықтан биыл уран өндіретін ірі кәсіпорындар Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына екі есе қаржы бөлмек.