Ақсары елдімекеннің тұрғындары 7 жылдан бері жеке кәсіпкерден зәбір көріп келгендерін айтып шағымданды. Ал кәсіпкер тұрғындарға тиесілі 600 гектар жайылым желдің жартысына жуығын иемденіп алған. Жұрттың малы сол аумақты аттап басса, қамап, иелеріне айыппұл салады. Ол аздай сұрау сала келгендерді сабап жібереді екен.