Түркістан облысы, Созақ ауданында былтыр ауыл шаруашылығының өнім көлемі 100 млн теңгеге кем орындалған. Ал, техникаларды жаңарту жұмыстары толық жүзеге асыпты. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеров Созақ халқымен кездесу барысында айтты. Сондай-ақ, жиында ауданға қатысты ең өзекті мәселелер қозғалып, оларға жауап берілді.