Биыл Созақ ауданындағы барлық елдімекеннің көшелеріне жарықшамдар қойылмақ. Осылайша теріскей өңір Түркістан облысындағы 100 пайыз жарық тартылған алғашқы ауданы атанбақ. Оған қоса бүкіл ауылдық округке жабық алаң салынады. Бұл жайында Түркістан облысы әкімінің Созақ ауданы халқымен кездесуінде айтылды.