Түркістан облысында биыл мақта 135 мың гектар жерге егілмек. Дәл осы дақылдың өңірдегі отаны саналатын Жетісай ауданында шаруалар көктемгі дала жұмыстарын бастап кетті. Қазір диқандар ауа-райының әр күнін тиімді пайдаланып, жер жыртып жатыр. Егістік алқаптар тырмаланып болған соң, мақта шиті себіледі. Бүгінде дайындық жұмыстары қызу жүруде.