Түркістанда Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық кеңесінің отырысы өтті. Достық үйінде өткен жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров және этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты. Өңір басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ассамблея тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында нәтижелі жұмыстарды жүргізіп келе жатқанына тоқталды.