Түркістан облысындағы ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз етуге 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Қомақты қаражатқа Сарыағаш ауданындағы магистралды су құбыры жаңартылады. Соның арқасында 260 мыңнан астам тұрғыны бар 66 ауылға таза ауызсу берілмек. Әлеуметтік инфрақұрылым арнаулы мемлекеттік қордан қаржыландырылады. Жобаның жалпы құны шамамен 6,5 млрд теңге. Онда 34 шақырымнан аса желі құрылысы қарастырылған, оның 20 шақырымынан астамы бұрын бөлінген қаражат аясында төселіп қойды. Қалған жұмыс жыл соңына дейін аяқталады.