Түркістан
EN

Түркістан облысынан 2500 азамат отан алдындағы борышын өтеуге аттанды

67
09.04.2025

Биыл көктемде Түркістан облысынан 2500 азамат Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған. Ал күзгі науқан кезінде тағы екі жарым мың жас әскерге шақырылмақ. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы елімізде көш бастап тұр. Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары Жандос Күлдербаевтің айтуынша, әскери қызметтен жалтарудың заң бойынша салдары ауыр. Азамат егер заңды себепсіз әскери қызметтен жалтарса, қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ. Бұл айыппұл төлеуге, түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға, тіпті бас бостандығынан айырылуға дейін алып келуі мүмкін. Жандос Күлдербаев жастарды әскери борышын өтеп, азамат атануға шақырды.