Түркістан
EN

Отбасын қолдау орталығына 700 адам жүгінген

38
09.04.2025

 Қазір Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында отбасын қолдау орталықтары жұмыс істеп жатыр. Жыл басынан бері мамандардың көмегіне жеті жүзден астам адам жүгінген. Оларға психологиялық, құқықтық жәрдем көрсетілген. Жалпы, аймақта зорлық-зомбылық өткен жылға қарағанда азайған. Екі жарым мыңнан аса әйел психолог мамандардың көмегіне ие болған. Біріккен Ұлттар Ұйымы «Халық қоныстану қорының» сарапшысы Сағадат Сәбитованың айтуынша отбасылық мәселеге қатысты өңірдегі жұмыстар көрші елдерге үлгі болыпты.