Түркістан
EN

Қоныс аудару жәрмеңкесі басталды

143
08.04.2025

Түркістан облысында Солтүстік өңірлерге «Қоныс аудару» жәрмеңкесі басталды.  Бүгін еліміздің 7 өңірінен келген 100-ге жуық  делегация өкілдері Жетісай, Мақтаарал аудандарының тұрғындарымен кездесіп, 10 мыңнан астам бос жұмыс орындарын ұсынды. Қоныс аударушылар мамандық бойынша жұмысқа орналасуымен қатар, ауыл шаруашылығы саласына бет бұрып, кәсіп ашуға мүмкіндік алмақ.  Оған қоса, бағдарлама қатысушыларының көшу шығынын өтеуге материалдық көмек беріледі. Бір жыл бойы баспанамен қамту жұмыстары да қарастырылған.