Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттері бакалавр дәрежесін 3 жылдың ішінде алып шығады. Осылайша оқу мерзімін қысқарту тиімді жолға қойылған. Ерекшелік бұл ғана емес, аталған оқу орнында дуальды білім жүйесі жолға қойылған. Білімнің 60%-ы өндірістік тәжірибеден болса, 40%-ы университеттегі теориядан тұрады. Оқу ордасында бизнес-процестерін цифрландыру үшін мультимедиалық студия ашылған.