Биыл күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 154 жыл. қазақ тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуанның көзі тірісінде тұтынған тұрмыстық заттары мен киім-кешегін ұрпақтары көздің қарашығындай сақтап келеді. Оның өзі тұрған үйінің бір бөлмесі қазір мұражайға айналған. Балуанның кереуеті, ұстаған ошағы, арбасының кейбір бөлігіне дейін сақтаулы тұр. Мұнда орден-медальдарынан бастап, киген киімдері, жалпы саны 200-ден астам жәдігер бар. Сонымен қатар Темірлан ауылында күш атасының атына арнайы мәдени-спорттық кешен салынып жатыр. Онда музей, кітапхана, спорттық нысан мен қонақ үй болады. Спорттық кешен мамыр айында ашылады деп жоспарланған.