Елімізде кедейлік көрсеткіші азайды. Өткен жылы елімізде табысы аз, күнкөріс жағдайы төмен 167 мың отбасы тіркелді. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,9 пайызға аз. Өңірлерге келсек, тұрмысы төмен отбасылардың көбі Түркістан облысында тұрады. Одан кейінгі тізімде Алматы, Шымкент, сондай-ақ Маңғыстау және Жамбыл облыстары орналасқан. Ал ең аз көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелді. Айта кетсек, биылдан бастап елімізде кедейлік шегі халықтың медиандық кірісінен айқындалады.