Түркістан
EN

Депутаттар есеп берді

98
07.04.2025

Түркістан облыстық мәслихатының Кентау қаласынан сайланған депутаттары халық алдында есеп берді. Атап айтқанда, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Қалыйма Жантөреева, Талғат Садуов және Бегімбет Байғараев соңғы жылдары атқарған жұмыстарымен және нәтижесімен  бөлісті. Мәселен, өткен жылы  облыстық мәслихат депутаттары жергілікті атқарушы органдарға 502 депутаттық сауал жолдаса, оның 381-і өз шешімін тапқан. Ал, қалған 121-і қаралу үстінде екен. Сондай - ақ, былтыр партия мүшелері 73 қабылдау өткізіп, 170-тен астам азаматтың мәселесін шешкен.