Түркістан
EN

Нұралы Әбішов Астанада өткен кеңейтілген кеңесте маңызды мәселелерді баяндады

85
07.04.2025

«Ауылшаруашылығында берілетін несиелердің тәртібін де, мерзімін де түбегейлі өзгерту керек. Ауылдағы несие алушылар үшін кепілдік мәселесі де күрделі проблема». Астана қаласында өткен кеңейтілген кеңесте Түркістан облысы мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов осындай мәселе көтерді. Ол министрлікпен бекітілетін агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау және «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша қаржыландыру ережелерін бекітуді жергілікті мәслихаттар құзыретіне беруді ұсынды. Сондай-ақ, жылқы және түйе шаруашылығын дамытудың арнайы бағдарламасын әзірлеу, жер учаскелерін беру және қайтару тәртібін жеңілдету бойынша «Ветеринария туралы» және «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңдарға өзгерістер енгізуді атап өтті.