Түркістан
EN

230 млн теңгені алдап алған күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланды

42
07.04.2025

Еліміздің Бас прокуратурасы алаяқтық жасаған отандасымызды Қырғыз Республикасынан экстрадициялады. Ол екі жыл бұрын банк клиенттерінің шотын бұзған. Одан соң 5 азаматтың шотына ақша аударып, заңсыз қаржыға қол жеткізген. Жалпы жәбірленушілерден 230 млн теңге жымқырған ол биыл Бішкек әуежайынан ұсталған болатын. Қазір уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Алаяқтық жасағаны үшін  5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.