Парламент депутаттары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық барысымен танысты. Мәжілісмендер Астана қаласында орналасқан далалық лагерьге барып, әскери шеруге қатысушылармен кездесті. Қосындардың тұрмыстық жағдайымен танысып, шатырларда монша кешендерін, медициналық пункттер мен тұрмыстық қызмет көрсету бөлмелерінің жұмысын тексерді. Сондай-ақ парадқа қатысатын қарулы күштердің әскери киім үлгілерімен де танысты.