Ақмоланың Старый Колутон ауылында су тасып, көлік қатынасы үзілді. Құтқарушылар 21 адамды моторлы қайықтардың көмегімен эвакуациялады. 100 ден астам төрт түлік қауіпсіз жерге айдалды. Құтқару жұмыстарына 70 төтенше жағдайлар қызметкері, 20 арнайы техника жұмылдырылды. Қалқұтан өзенінің жағалауын нығайту үшін мыңнан астам қап төселіп, 300 текше метр су сорылды. Су тасқынына қарсы жұмыстардың барысын Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камалов тексеріп, жағдайда бақылауда ұстайтынын жеткізді.