Түркістанда футболдан жасөспірімдер арасында чемпионат басталды. Ел біріншілігіне республикамыздан 15 команда 300-ден астам спортшы қатысуда. Жарыс негізінен республика бойынша үздік аяқ доп шеберлерін іріктеу жоспарланған. Чемпионат 10 сәуірге дейін болады. Айта кетейік, Түркістан облысының 2010 жылы туылған жасөспірімдер құрамасы бұған дейін еліміздің 4 дүркін жеңімпазы атанған.