Бекзат Саттарханов туралы кітап жарық көрді

37
04.04.2025 16:03

Бүгін Сидней олимпиадасының чемпионы, даңқты боксшы Бекзат Саттархановтың туған күні. Қазақ боксының тарихындағы тұңғыш олимпиада чемпионы тірі болғанда 45 жасқа толар еді. Осыған орай Түркістанда «Жарқ етіп сөнген 20 жас» атты жинақ жарық көрді. Кітапқа 2000 жылдан бастап бүгінге дейін Бекзат жайлы өлең мен әндер, күйлердің ноталары енген. Қазақтың қайсар ұлының қысқа ғұмыры мен жарқын жеңістері баяндалған. Кітаптың авторы түркітанушы ғалым Ержан Арғынбаев. Оның айтуынша, бұл кітап спортшының өмірбаяны ғана емес, жасампаздық пен қайсарлықтың символына айналған рухани еңбек.