Атырау облысындағы Ойыл өзеніндегі судың деңгейі -6 см-ге төмен түсіп кеткен. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, су тасқынының алдын алу мақсатында өзендердің 7 шақырым арнасы кеңейтіліп, су тасқынынан қорғау үшін 54 шақырым бөгет соғылған. Бұл жұмыстар су деңгейі бір қалыпқа түскеннен кейін қайта жалғасады. Еске салайық, былтыр бұл өңірде қарғын судың салдарынан тасқын болып, тұрғындар ауыз сусыз қалған еді. Осындай жағдайды қайталамас үшін 8 тұщы су ұңғымасы қоршалған.