Түркістан
EN

Шу өзенінің арнасын өз бетінше бұру фактісі анықталды ма?

135
03.04.2025

Күні кеше Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай арнасы заңсыз бұзылған Шу  өзеніне қатысты дабыл қаққан еді. Айтуынша, өзен арнасы бір кәсіпкердің фазендасы үшін жасанды түрде өзгертілген. Салдарынан төменгі ағыстағы ауылдарға су жетпей жатыр. Депутат көтерген мәселеге байланысты су ресустары және ирригация министрлігі ресми түрде жауап берді. Ведмостваның мәліметінше, комиссия зерделеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде, Мойынқұм ауданы Шу өзені бойында заңсыз салынған құрылыс анықталмапты.