Енді Түркістанда тоңазытқыш шығарылады. Іске қосылған жаңа кәсіпорын индустриалды парк аумағында орналасқан. Онда мыңға жуық жұмысшы еңбек ететін болады. Зауыттың іске қосылу рәсіміне аймақ және холдинг басшылығы, еліміздің өзге аймақтарынан және Украина, Әзербайжан, Грузия, Қытай, Өзбекстан, Түркиядан келген кәсіпкерлер қатысты.