Түркістан
EN

Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өтті

98
03.04.2025

 Цифрлық теңге арқылы бюджет қаржысын бақылау күшейтіледі. Бұл қазынадағы қаражатты тиімді пайдалануға мүмкіндік бермек. Бұл туралы Олжас Бектеновтың қатысуымен өткен кеңесте айтылды. Жиында сөз алған Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Бинұр Жәленов былтыр қолға алынған «цифрлық теңге» жобасы тиімділігін көрсетіп жатқанын айтты. Нәтижесінде, кей өңірдегі шаруа қожалықтарына қаржы қолма-қол емес, онлайн үлестірілген. Ол жалған мәмілелерге жол бермей, процестің  ашық өтуін қамтамасыз етті.