Оралда терминалдан ақша ұрлағандар ұсталды. Белгісіз тұлғалар банк терминалының ұяшығынан 680 мың теңгені қолды қылған. Бұл қаражат 53 жастағы қала тұрғынына тиесілі болатын. Ол ақшаны банкнот қабылдағышына салып, операция аяқталды деп ойлап, кетіп қалған. Дәл осы сәтте техникалық ақау шығып, күдіктілер жағдайды пайдаланып кеткен. Полицейлер үш күдіктіні ұстады. Ұсталғандардың бірінің бұрын сотталғаны белгілі болды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.