Қазақстан үкіметі Атом электр станциясын салу бойынша франциялық EDF компаниясының ұсынысын қарастыруда. Бұл туралы аталған елдің Қазақстандағы елшісі Сильван Гиоге мәлімдеді. Еске сала кетейік, АЭС құрылысы бойынша 4 мемлекет ниет білдірген, олардың қатарында Франция да бар.