Түркістан
EN

Түркістан облысын дамыту, инфрақұрылымын жақсарту, өндіріс орындарын ашу жұмыстары жалғасады

96
03.04.2025

Биыл Түркістан облысында 20 жаңа мектептің құрылысы аяқталады. Оған қоса, 41 білім ұясы жаңғыртылады. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеров «AMANAT» партиясының облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясының мәжілісінде айтып, басымдық берілетін өзге салалардағы жоспарларға тоқталды.