Соңғы уақытта ұлттық мәдениет пен дәстүрге шабуылдар жиілеп кетті. Осылай деген мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи радикалды діни ағымдарды тексеру талаптарын қатаңдатуға шақырды. Сондай-ақ, таяуда Қазақстанның туын қорлап, әлеуметтік желіге салғандардың әрекетіне байланысты шаралар тізбегін ұсынды. Депутат интернет ресурстарда және қоғам ортасында ұлтымыздың қастерлі мұраларына, мыңдаған жылдық салт-дәстүрлерімізге жасалып жатқан шабуылдың толастамай тұрғанын айтты. Ермұрат Бапи елдің ұлттық туын беталды мазақ етіп, сатылымға шығарып отырған маркетплейстердің әркетіне де құқықтық баға берілу керек дейді.