Түркістан облысында ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырған білім бөлімінің 11 қызметкері сотталды. Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы мен орынбасарына, есепшілеріне 2016-2023 жылдар аралығында бюджеттің 547 млн теңгесін талан-таражға салған деген айып тағылды. Олар мектептерде жұмыс істемейтін таныстарының есеп шоттарына ай сайын қомақты қаржы аударып отырған. Айта кетейік, сотты болғандардың арасында бұған дейін кісі өлтіруге тапсырыс бергені үшін сотталған бұрынғы бөлім басшысы болған Бауыржан Майрихов та бар.