Түркістаннан тұңғыш рет жүк ұшағы Еуропаға аттанды. Отандық әуе компанияның сеп болуымен Боинг маркалы әуе кемесіне 24 тонна тауар тиелді. Тауар жүк көлігі арқылы Қытайдан Түркістанға әкелінген. Ары қарай ұшақ арқылы Кипрге жеткізіледі. Онда негізінен күнделікті тұрмысқа қажетті керек-жарақтар мен киім-кешек бар.