Түркістан
EN

Сауранда жаңа ғимарат ашылды

118
02.04.2025

Сауран ауданында су жаңа нысан ашылды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аудандағы әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді. Мұнда қауіпсіздік қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасалған. Нысанның ашылуына Түркістан облысының әкімі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы және сала ардагерлері қатысты. Жалпы, Сауранның бас жоспарына сәйкес аудан орталығынан 38 гектар жер бөлініп, әкімдік, прокуратура, аумақтық органдар, ішкі істер басқармасы ғимараты салынған болатын. Бұл қатарға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимараты да қосылды. Қазір Сауранда 500 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүріп жатыр.