Келесі жылдың бастап үй жануарлары есепке алынатын болады. Яғни ит-мысықтың қожайындары өз жануарларын міндетті түрде тіркеуі тиіс. Ал әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға рәсімдеу бюджеттен төленеді. Бұл туралы бүгін экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Әлия Шалабекова мәлімдеді.