Түркістан
EN

Аралға 1 млн түп сексеуіл ағашы отырғызылды

53
02.04.2025

Арал теңізінің құрғаған табанына биыл тағы 1 млн түптен астам сексеуіл отырғызылмақ. Бұл туралы еліміздің экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Өткен жылы ведомство сексеуіл көшеттерін өсіретін тұқымбақ салған. Соның есебінен құмды аумақтағы сексеуілдің саны көбеймек. Айта кетерлігі, министрлік қазір Қызылорда облысынан қазақ-орман ғылыми институтының филиалын ашып жатыр. Мұндағы ғалымдар алдағы жылдары шөлге төзімді өсімдіктердің жаңа тұқымдарын айналымға енгізеді деп күтілуде. Сондай-ақ министрдің айтуынша соңғы жылдары орман саласындағы техникалар да жаңартылып жатқан көрінеді.