Түркістан облысының Сайрам ауданында аса ірі көлемде насыбай өндіріп келген жасырын цех анықталды. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлерінің мәліметінше, цех бір жыл бойы шикізатты өңдеуден бастап, дайын өнімге дейін шығарып келген. Әрі көтерме жеткізушілер арқылы Астана мен Алматы қаласында қоймаларға тасымалдап, саудалап келіпті. Аумағы мың шаршы метрді алып жатқан орында темекі жапырақтарынан өнімдер шығаруға арналған құрал жабдықтар орнатылған. 25 адам тұрақты жұмыс істеп келген. Тінту барысында 10 млн данадан аса қаптама, 14 тоннадан астам темекі, сондай-ақ әртүрлі хош иістендіргіштер мен улы қоспалар тәркіленді.