Түркістан
EN

Жетісайда мақта, сүт кластеріне қатысты жобалар жүзеге асырылады

100
01.04.2025

Жетісай ауданында құны 10 млрд теңгеден асатын мақта зауыты мен жіп иіру фабрикасы ашылады. Нәтижесінде 520 адам жұмыспен қамтылып, жылына 40 000 тонна мақта өңделіп, 5000 тонна жіп өндірілмек. Инвестициялық жобаның жай-жапсары арнайы жиында талқыланды. Жетісайлық кәсіпкерлермен кездескен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өндірісті дамытамын дейтін азаматтарға қолдау көрсетілетінін жеткізді. Мақсат-аймақтың өндірістік әлеуетін көтеру.