Түркістан
EN

Президент Ұлттық құрылтайдың IV отырысында жасалған жоспарға қол қойды

118
01.04.2025

 Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерілген бастамаларды жүзеге асыру туралы жоспарға қол қойды. 53 тармақтан тұратын бұл құжатты Президент Әкімшілігі Үкіметпен бірлесіп әзірледі. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Telegram каналында хабарлады. Жоспарда: «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасын, ішкі саясат тұжырымдамасын әзірлеу және бекіту, нашақорлыққа қарсы күрестің жоспарын қабылдау, Ұлттық цифрлық архив құру, театр саласын дамыту, шетелде Абай институтын ашу, халықаралық биологиялық әралуандықты қорғау қорын құру қарастырылған.