Қарағандыда тротуарда кетіп бара жатқан екі адамды көлік қағып кетті. Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бір адамның оқиға орнында көз жұмғанын хабарлады. Оқиға Бұқар жырау даңғылы бойында болған. Audi автокөлігінің жүргізушісі Дүйсенбеков көшесіне қарай келе жатып, жылдамдықты асырған. Салдарынан көлікті басқара алмай, жаяу жүргіншілер жолына шығып кеткен.