Түркістан облысында туризм саласын дамытудың 4 жылдық іс-шара жоспары әзірленді. Соған сай, 2029 жылға дейін аймақтағы келушілер санын 1 млн адамға жеткізу көзделген. Сондай-ақ, орналастыру орындарындағы туристер 550 мың адамға жетуі тиіс. Табиғи аумақтарға келушілер 200 мыңға, ал емдік-сауықтыру орындарына келетін туристер санын 250 мыңға жеткізу межеленген. Айта кетейік, алдағы уақытта Turkistan City Pass электрондық туристік карта жүйесі іске қосылады. Бұл арқылы қалаға келушілер түрлі қызметтерді қолжетімді бағада ала алады.