Түркістан облысында ағын су тапшылығын азайтуға күш салынуда

21
31.03.2025 20:35

 Биыл Түркістан облысындағы 11 су нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осының арқасында аймақтағы дихандар ағын су тапшылығынан аса қатты зардап шекпейді деп күтілуде. Оған қоса «Шардара» су қоймасы 87 пайызға толып отыр. Қазір «Қызылқұм» каналы арқылы шаруаларға қажетті көлемдегі су жіберілуде. Осы жылы өңірдегі 896 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп жатыр. Дихандарға шамамен 5,8 млрд текше метр ағын су қажет деп болжанып отыр.