Мемлекет басшысы Словения Президентімен келіссөз жүргізді

20
31.03.2025 20:33

Енді қазақстандық жүк тасымалдаушылар Словенияның «Лука Копер» портына тауар жеткізе алады. Логистикалық нысан Транскаспий халықаралық көлік дәлізі жобасына қосылмақ. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен Қазақстан мен Словения президенттерінің келіссөзінде белгілі болды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар бұдан басқа да келісімдерге қол қойды.  Соның ішінде денсаулық сақтау, туризм, білім беру салаларына қатысты маңызды құжаттар да бар. Тараптар екі жақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды арттыруға да келісті.